31.01.2023, 23:10
Оқылды: 80

“Такси мәселесі жолға қойылуы керек"

Жетікөл ауылында өткен халықпен кездесу жиынына аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қатысты. Өткен жылғы әкімдердің халықпен кездесуі барысында түскен ұсыныстар мен мәселелердің орындалуы жөнінде тоқталсақ, 3,4 млн теңге көлеміндегі қаржыға Боқай қыстағы су нүктесінен қосымша 1 құдық қазылып, ауыз су желісіне жалғанса, электр желілерін жаңарту бойынша электр станциясына қосымша қондырғылар ауыстырылып, жөнделді.

image-31-01-23-10-11-9

   Мал басын асылдандыру мақсатында тыңғылықты жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы “Жасұлан” шаруа қожалығы лизингке 1 трактор, 1 шөп тайлағыш сатып алса, “Байқадам”, “Арнұр У” , “Ащықұдық” шаруа қожалығы 3 ауылшаруашылығы техникаларын сатып алды. Қыстақтарға 19,734 тонна мал азығы дайындалып,  107 пайызға орындалды. Былтырдан қалған 2000 тонна шөп қоры бар.

Мал дәрігерлік шаралар жоспарлы түрде, ветеринарлық алдын алу, диагностикалық іс-шаралар толық көлемде жүргізіліп отыр. Жыл басынан малдарды сібір жарасына, құтыруға, қарасанға, туберкулезге, пастереллезге, маңқаға қарсы егу-емдеу жұмыстары жүргізілді.

Округте шағын және орта бизнестің дамуына толық жағдай жасалған. Округ бойынша 4 адам грант алып, сүтті сиырлар және қой малын, құс алды.

IMG-20230130-WA0049

Ауылдарды абаттандыру және санитарлық тазалықты сақтау - басты міндеттеріміздің бірі. Қатты тұрмыстық қалдықтар палигонын қоршау және жинақтау жұмыстары жүргізілді, 700 000 теңге жұмсалды.

Сұйық қалдықтар төгу полигонына мемлекеттік жер актісі жасақталды, сметалық құжаттама дайындалды.

Жетікөл елді мекеніне қарасты «Үлкен көпір» бөгетіне мемлекеттік жер актісі жасалып, Жетікөл ауылдық округі әкімі аппараты мекемесінің балансына алынды.  

Кездесу жиынында Жетікөл ауылының ардагерлер кеңесінің мүшесі Есболсын Қайдаровтың тарапынан округтің мәдени-қоғамдық өмірінде еңбегі бар тұлғалар назарда болып, еңбектері еленсе деген тілегін білдірді. 

IMG-20230130-WA0045

Ауыл тұрғыны Әлия Есалиева ауыз су құдықтарына баруға қолжетімді жағдай жасалуы керектігіне және де Жетікөл-Жымпиты бағытындағы такси құнының 1000 теңге болғаны тұрғындардың қалтасына салмақ түсіретінін тілге тиек етті.

Аудан әкімі қорытынды сөзінде округ әкімі Айболат Нұрмұханов пен Жетікөл ауылдық округі бойынша учаскелік полиция инспекторы Нұрбол Қабиевке аталған мәселелер бойынша жұмыстануды тапсырып, “заңсыз жүрген такси иелеріне шара қолданылып,  аталған мәселе жолға қойылуы керек” деді.

Жиынға бірқатар мекеме басшылары мен «Заң керуені» акциясы аясында аудан прокуроры Нартай Байменов мал ұрлығы, алаяқтық, жол ережелерін сақтау бағытында баяндама жасады.

Қоғамдық қабылдауға жазылған тұрғындар аудан әкімінің жеке қабылдауында болды.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале