Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы БҚО мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындыларын жария етті
24 Наурыз 2023

Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы БҚО мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындыларын жария етті

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары шықты
24 Наурыз 2023

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары шықты

Батысқазақстандық Бекнұр Серіков теңге ілуден Азия кубогінің чемпионы атанды
24 Наурыз 2023

Батысқазақстандық Бекнұр Серіков теңге ілуден Азия кубогінің чемпионы атанды

«IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңі өтіп жатыр
24 Наурыз 2023

«IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңі өтіп жатыр

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
23 Наурыз 2023

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Өңір басшысы батысқазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
22 Наурыз 2023

Өңір басшысы батысқазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

10.01.2023, 14:45
Оқылды: 51
Талабымды ашқан, талантымды шыңдаған – «Сырым елі»

Туған жерге деген махаббаттың бір үлгісі – өріп, өскен өлкеңнің төл газетін оқу. Белгілі телепродюсер, PR менеджер Алпамыс Шаримов осылай ойлайды.

39EA7D62-5F1B-4261-B619-CC36276CCAC9

Аралтөбелік Алпамыс – қазір әлемнің аралдарын аралап, мұхиттарын кешіп жүрген жиһанкез. Кешегі айда ғана Германия, одан Америка Құрама штаттарында сапарлап келген жерлесіміз елмен байланысын үзген емес. Әсіресе, «Сырым елі» газетімен жиі хабарда.

– Менің талабымды шыңдаған, талантымды ашқан – «Ұлан» және «Сырым елі» газеттері. Соның ішінде, аудандық газет менің тырнақалды өлең, мақалаларымды басты, алғашқы шығармашылық жетістіктерімнің сүйіншісін сұрады. Әлемнің қай түкпірінде жүрсем де, газеттің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы туған жерімнің тынысымен танысып отырамын, - дейді ол.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығына мерзімді баспасөз беттеріне жазылу науқанында Алпамыс Шаримов өзі оқыған Аралтөбе орта мектебінің дарынды 15 оқушысын «Сырым елі» газетіне жаздырды.

Осындай жанашыр жандардың, шынайы оқырмандардың арқасында аудан айнасының таралымы 2000-нан асты.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале