13.09.2022, 23:14
Оқылды: 49

Талантты ауыл баласы Сырымда

“Балалар жылы” аясында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен бастау алған “Талантты ауыл баласы” атты ауылішілік байқауының көші Сырым ауданына келді.

image-13-09-22-09-54

Ауыл-аймақтағы тұла бойына талант тұнған өскелең ұрпақтың шығармашылық қырын шыңдауды мақсат тұтқан жобаның авторы облыстық филармонияның көркемдік жетекшісі, талантты әнші, “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері Еркін Өтегенов.

Ауылішілік байқауға ауданымыздың 7-14 жас аралағында домбырамен ән айтуға қабілетті балалары бақ сынады.

image-13-09-22-09-54-3 (1)

Бағы мен бабы келіскен жас таланттардың өнеріне Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншісі, “Құрмет” орденінің иегері, ҚР –ның “Мәдениет саласының үздігі” Қайрат Какимов, республикалық конкурстардың лауреты, әнші, термеші, ҚР” Мәдениет саласының үздігі” Мұхамбет Мамықов, халықаралық, республикалық, облыстық конкурстардың лауреаты, “Еңбек даңқы” төс белгісінің иегері, сазгер, дәстүрлі әнші Армат Алдамжаров қазылық етті.

image-13-09-22-09-54-5

Байқау нәтижесінде, ІІІ орынды К.Әлмұрат пен Д.Илхам өзара бөліссе, ІІ орынды Д.Исламғали мен Н.Меңдіғали еншіледі.
І орынды бұлдыртылық жас дәстүрлі әнші, күміс көмей Гүлназ Жайғали иемденсе, бас жүлде аудандық балалар саз мектебінің дәстүрлі ән сыныбы мен Ж.Ерман атындағы айтыс мектебінің шәкірті Нұрым Амангелдіге бұйырды.

Нұрымды аталмыш дәстүрлі ән додасына баптаған ұстазы А.Ғұбайдуллин атындағы дәстүрлі ән сыныбының оқытушысы, тәжірибелі педагог, дәстүрлі әнші Дархан Қажғалиев.
Жүлдегерлерден бөлек дипломант атанған Айару Амангелді мен Арнұр Есқайыр да Д.Қажғалиевтің шәкірттері.
Жүлдегерлер мен дипломанттарға диплом мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале