13.08.2022, 13:06
Оқылды: 67

Талдыбұлақ мектебіне мұғалімдер керек, ал Тасқұдықтықтар ауыл таза болса екен дейді

Кеше Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиевамен бірге Елтай және Талдыбұлақ ауылдық округтері әкімдерінің ел алдындағы есептік жиындарына қатысты.

IMG-20220812-WA0053

Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Азамат Абдрашевтың хабарламасынан кейін халықтың ұсыныстарына кезек берілді.

IMG-20220812-WA0054

Талдыбұлақтықтар сарыпқа шыққан мал басына өтемақы алу, мектептегі техникалық қызметкерлердің санитарлық құжаттар тізбесін азайту секілді ұсыныстар айтты.

Ауыл мектебіне математика, география, музыка пәндерінің мұғалімдері және логопед маман жетіспейді.

Елтайлықтар ауыл тазалығын сақтауға аса бейіл. Ол үшін көше кезген жылқыларды жайылымға айдап, бағымға алу керек дейді. Ауыл іргесіндегі бөгетті тазалау туралы да ұсыныс айтты.

Асланбек Сарқұлов округ әкімшілігіне учаскелік полиция инспекторымен бірге бағымсыз малды анықтау үшін рейд ұйымдастыруды, сонымен бірге Тасқұдықтан түлеген қыран, Кеңес Одағының және РФ батыры, ұшқыш Николай (Қайырболат) Майдановтың есімін таныту шараларын ұйымдастыруды тапсырды.
Жиын туралы толығырақ «Сырым елі» газетінде.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале