22.01.2020, 11:57
Оқылды: 219

Талдыбұлақтық шаруалар цифрлық мүмкіндіктерді пайдалануда

Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округінде мал шаруашылығымен айналысатын 7 қожалық мемлекеттік бағдарламалар аясында 17 млн. 710 мың теңге қаражатқа күн батареяларын орнатып, баламалы энергия көзін пайдалануда.

-Округтің ауыл шаруашылық құрылымдары мен жеке тұрғындары жылқыны бақылауды GPS трекер арқылы жүзеге асырса, 2 шаруашылық электронды бақташы жүйесін орнатты. Осылайша, талдыбұлақтық шаруалар цифрлық игіліктерді тұтынуда, – деді өзінің есептік баяндамасында округ әкімінің міндетін атқарушы Азамат Әбдірашев.

dav

Округ әкімінің баяндамасының алдында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев ауданның 2019 жылдағы әлеуметтік –экономикалық дамуы жөніндегі есептік баяндамасының негізінде дайындалған бейнефильм көрсетілді. Тұрғындардың қосымша сұрақтарына аудан әкімі ауызша жауап берді.

dav

dav

Талдыбұлақ ауылдық округіндегі күйіп тұрған мәселенің бірі – мектеп. Ауылды сақтау үшін негізгі мектепті қайтадан жалпы білім беретін орта мектепке айналдыру, математика пәнінің мұғалімін табу жайы, сондай-ақ округті жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз ету, ауылға оптикалы-талшықты интернет желісін тарту мәселелері есептік жиналыста тағы да күн тәртібіне қойылды.

Ауыл ақсақалы Ерғалам Мұхамбетов ауылдағы автобус аялдамасын жөндеу, жергілікті шаруа Кәкімғали Телегенов бөгетті қалпына келтіру туралы ұсыныстар айтты.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале