4.04.2024, 13:00
Оқылды: 64

Талдықұдық ауылында жерасты суы көтерілген

Ауа райының күрт жылынуы мен жерде ылғалдың көп болуы тасқын су жетпеген ауылдарда да бас ауыртар мәселе болып тұр. Бізге шалғайдағы Талдықұдық ауылындағы жағдай туралы хабар жетті. Талдықұдық ауылының тұрғыны Жайдар Ишанғазиевтің үйінің астынан су кетіп, баспана тұруға жарамсыз болған.

IMG-20240403-WA0099

Хабарды естісімен округ әкімі Эльдар Аманғалиевпен хабарласып, мәселенің анық-қанығын білдік.

Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта ылғалдың мол болуына байланысты ауылда жерасты сулары көтерілген. Соның нәтижесінде ауыл тұрғыны Жайдар Жолдыбайұлының үйінің астынан су өніп кеткен. Әкімдік тарапынан зардап шеккен тұрғынға көмек көрсетіліп, үй ішіндегі су сорылған. Бірақ, су қайта өніп, баспана іші қайтадан суға толған. Міне, ауданымызда тағы да бір отбасы қар суынан зардап шегіп отыр.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале