15.09.2020, 22:04
Оқылды: 93

Талдықұдықтық ағайынның көгілдір отынның жылуын сезінер күні алыс емес

Бүгінде Казталов ауданында 48 ауыл ішінде 27 мың адам тұрғыны бар 29 ауыл табиғи газбен қамтылған. Жоспарда 2025 жылға дейін табиғи газбен қалған 16 ауылды қамтамасыз ету міндеті тұр.

3120bf14-c3dd-444f-9a89-e78993c63ea7

Бүгінгі таңда Талдыапан, Көктерек, Талдықұдық ауылдық округтері бағытындағы елді мекендерге газ құбырын тарту жұмыстары атқарылып, ауылдағы ағайын көгілдір отынның игілігін көруде. Солардың қатарында Талдықұдық ауылының тұрғындары да бар.

Ауылға газ тарту жұмыстары былтырғы жылы басталған болса, биыл жаздан бастап ауыл ішіндегі әлеуметтік нысандар мен ауылдағы 116 отбасының үйіне газ жүйесі тартылуда. Көптен күткен газ құбырын ауылға дейін бас мердігер «ӘлияСервис» ЖШС жеткізіп берсе, ауыл ішіндегі монтаждау және қосу жұмыстарын «ГазГид» ЖШС атқарып жатыр. Алла қаласа, жылдың аяғына дейін жұмыстарды аяқтап, әрбір талдықұдықтық ағайын көгілдір отынның жылуын сезінбек.

c4c271b5-5910-47bf-9279-b4d78575782d

Соңғы жылдары шалғайда орналасқан Талдықұдық ауылында біраз жоспарлы жұмыстар іске асуда. Ауылға таза су қондырғысы орнатылып, ұялы байланыс пен интернет желісі келсе, енді міне, көгілдір отын да келіп жетті. Ауыл тұрғындары үшін жылдар бойы ошақ жағу бейнетінен құтылатын күн де алыс емес.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале