22.08.2023, 23:21
Оқылды: 39

Талов ауылында ФАП ашылды

Бүгін Талов ауылдық округінде "Ауыл — ел бесігі" бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен фельдшерлік-акушерлік пункті ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі Тимур Шиниязов, мәслихат төрағасы Тахир Қадимов, бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Аудан басшысы Тимур Серікұлы құттықтау сөз сөйлеп, ақжарма лебізін білдірді.

FB_IMG_1692711883990

-Халқымыз "Басы аманның малы түгел" дейді. Ең басты байлық — денсаулық. Әр ауылдағы ем алатын пунктке көңіл бөлінуі тиіс. Заманауи құралдармен жабдықталғаны, жарқырап тұрғаны өте маңызды,- деді ол.

FB_IMG_1692711899656

Сонымен қатар, осы құрылысты ойдағыдай аяқтаған "Өркен-Сервис" ЖШС директоры Берік Нұрмұқановқа алғыс хат табыстады. Зейнеткер, ауыл тұрғыны Мәруаш Мұқатаева шашу шашып, өз қуанышын білдірсе, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ораз Табаев ел игілігі үшін жүзеге асқан жұмысқа атсалысқан барша ағайынға алғыс айтты. Адам танымастай өзгерген ФАП-тың лентасын аудан басшысы Тимур Серікұлы мен ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ораз Табаев қиды. Аудандық аурухана директоры Сәуле Исмағұлова мен фельдшерлік-акушерлік пункт меңгерушісі Светлана Гоман арнайы ем алуға арналған бөлмелерді көрсетті.

 FB_IMG_1692711895342

FB_IMG_1692711909273 (1)

Әлібек Қаржау

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале