18.08.2022, 14:30
Оқылды: 165

«Тана» шағын маркеті ашылды

Бүгін Жаңақала ауданы орталығында орналасқан «Тана» шағын маркетінің ашылу салтанаты өтті. Ауданда кәсіпкерлік саласы, соның ішінде халыққа қызмет көрсету жылдан-жылға дамып келеді. Соның дәлелі бүгінгі игі бастама – «Тана» шағын маркетінің ашылуы. Нысан басшысы Қамбар Ақбасов жұбайы Әлия екеуі 2011 жылдан бастап жеке кәсібін күні бүгінге дейін жалғастырып келеді. Нысанның ашылу салтанатымен құттықтау үшін сөз кезегі аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиеваға берілді.

27

– Құрметті ауыл тұрғындары және нысан басшысы Қамбар Өмірзақұлы! Шағын маркеттің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Кәсіптеріңізге береке, сәттілік тілеймін. Халыққа сапалы қызмет көрсетіп, тұтынушыларыңыз көбейе берсін, - деп Ақнұрлы Нұрғалиқызы жүрекжарды лебізін білдірді.

29

Кәсіпкеріміздің әкесі Өмірзақ Ақбасов:

– Ұлым мен келінімнің кәсіпкерлікпен айналыссақ деген ниеттері болып, дүкен ашуды жоспарлады. Бүгін сол ниеттерінің орындалғанына куә болып отырмыз. Дүкен ашу оңай болған жоқ. Барынша заман талабына сай етіп ашуға тырыстық. Енді жұмыс істеп, елге қызмет көрсетсе деген тілегім бар. Балаларымның кәсібіне сәттілік тілеймін, - деп әкелік тілегін білдірді.

30

«Өз елім» әнін Қуанышбек Айдарбеков келген қонақтарға тарту етіп, тамаша көңіл күй сыйлады. Салтанатты шара соңында лента қию рәсімін өткізіп, шашу шашып, балаларға балмұздақ таратты.

28

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале