25.06.2022, 11:08
Оқылды: 27

«Тәртіп орнаса, жүйе де болады»

Бүгінгі таңда әскерге өз еркімен баратындардың қатары сиреп барады десек, жалған емес. Әлеуметтік желілерде әскерге баласын жіберуге қорқатын ата-аналардың жазбаларынан көз сүрінеді.
Кейіпкеріміз де бірнеше жыл бұрын әскерде болған. «Қазіргі жігіттер әскерден қашады» деген желдей ескен сөздерді
Сұлтан Халиолли жоққа шығарды.

C3B9FBF7-17C2-4976-B235-2BCD5B8D75C4

Оның айтуынша, 2019-2020 жылдары Қарағанды қаласында 5451 «Ұлттық ұлан» әскери бөлімінде борышын өтеген.
Әскерге өз еркімен барған ол «Әскер - буыны қатпаған бозбаланы нағыз ер-азамат етіп шығаратын жер. Отан алдындағы борышын өтеуден ер адам қашпауы керек. Ел басына күн туса, туын тіктеп шығатын ерлер емес пе? Тәртіп болса, жүйе де болады»,- дейді.
    Сұлтан Салауатұлы 1996 жылы Сырым ауданы Аралтөбе ауылында дүниеге келіп, орта мектепті тәмамдап, Нұр-Сұлтан қаласындағы заң колледжінде, кейіннен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде заңгер мамандықтары бойынша білім алды.
    Жас заңгер еңбек жолын Ақтөбе заң институтында 3 ай тыңдаушы болып бастап, бүгінгі күнге дейін Бұлдырты ауылында жергілікті полиция қызметтік бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі болып еңбек етіп келеді.
    -    Біздің жұмысымыз бір қарағанда аса күрделі болып көрінбеуі мүмкін. Алайда ауылдағы кез келген тұрғынның мәселесін уақтылы шешу, үніне құлақ асу басты міндетіміз.
Ал Бұлдырты ауылдық округіндегі мал ұрлығы, ұсақ бұзақылықтар секілді әр түрлі деңгейдегі 4 қылмысты ашып үлгердік.
Мал ұрлығы тек ауылда емес, аудан бойынша өзекті болып отырған қылмыс түрі.
Ұрлық пен ұсақ бұзақылықтармен тек полиция қызметкерлері ғана емес, ауыл болып, халық болып күресуіміз керек,- дейді С.Салауатұлы.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы    
     zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале