29.03.2024, 9:15
Оқылды: 43

Тартысқа толы турнир мәреге жетті

Жаңақала ауданында Сатқали Сапаровты еске алуға арналған ерлер арасында футзалдан өткен турнир мәреге жетті.
сапаров турнир 2024 (1)
Тартысты өткен жарыста ұтылғандар да, жеңістің туын желбіреткендер де бар. ​
InShot_20240329_083144815
Финалға шыққан командалардың арасынан Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылының командасы үшінші орынды иеленсе, Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылының командасы екінші орынды қанжығасына байлады. ​
InShot_20240329_083215356
Жүйріктігі мен ұйымшылдықтарының арқасында алға шыққан Казталов ауданы Жалпақтал ауылының командасы бірінші орыннан көрінді.
InShot_20240329_083201337
Сондай-ақ жеңімпаздарға ақшалай сыйлық берілді.
Бірінші орынға 150 000 теңге берілсе, екінші орын иеленген команда мүшелері 120 000 теңгенің иегерлері атанды. Ал 100 000 теңге үшінші орын иегерлеріне бұйырды. ​
Сонымен қатар үздік шабуылшы, үздік қақпашы сынды номинациялар да берілді. ​
Толығырақ ақпаратты «Жаңарған өңір» газетінің келесі санынан оқи аласыздар.
Акерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале