8.07.2021, 20:01
Оқылды: 104

Тартысты өткен ақыл-ой додасы

Таяуда Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және астана күніне орай ерлер арасында тоғызқұмалақтан аудандық жарыс өткізілді.

B16D8CFD-7972-4966-9F89-A2D812CB12F4

Сайыстың қорытындысы бойынша жуалыойлық Айшуақ Аттанов І орынға ие болса, Болатбек Қуанышалиев (Бірлік ауылдық округі) ІІ орын алды. Ал Жанайдар Болатбекұлы («Жайық Пресс» ЖШС Жаңақала филиалы) үздік үштікті түйіндеді. Жарыстың бас төрешісі – біліктілігі жоғары деңгейдегі, жоғары санатты жаттықтырушы Қайрат Шаутенов болды.

Жеңімпаз және жүлдегер спортшылар аудандық «Jastar» спорт клубының дипломдарымен, медальдарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Жарас Садық

Жаңақала ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале