5.11.2021, 16:58
Оқылды: 77

Тасқала аудандық мәслихатының кезекті отырысы өтті

Жуырда Тасқала аудандық мәслихатының кезекті ХІІ сессия отырысы өтті. Аталмыш сессияда аудан әкімінің міндетін атқарушы Аян Халауединнің есебі тыңдалды.

84fee25a-9c9e-4b9e-9c3d-7c649ca3dccc

Алдымен  Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының «2021 -2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы 2020 жылғы 23 желтоқсандағы    55-2  шешіміне өзгерістер туралы және аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 22 қаңтардағы 2-1 «2021-2025 жылдарға арналған Тасқала ауданының  аумақты дамыту бағдарламасы туралы» шешімінің күшін жою туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің міндетін атқарушы Эльвира Бисалиева баяндама жасады. Одан кейін сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Ержан Тұрмағамбетов Тасқала ауданы әкімдігінің дербес құрамының өзгеруіне келісім беру туралы баяндап берді. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 қарашадағы 8-2 «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты»  мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру  қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы 4 мамырдағы 24-3 «Тасқала ауданының округінің жергілілікті қоғамдастық жиналысының  регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімін  аудандық мәслихат аппаратының басшысы Тоғжан Шатенов өз есебін ұсынды.  Сонымен қатар Тасқала аудандық мәслихат депутатының өкілеттілігін мерзімінен бұрын  тоқтату туралы ұсынысын және Тасқала аудандық мәслихат депутатының өкілеттілігін тіркеу туралы аудандық аумақтық сайлау комисиясының төрағасы Асқар Нұрмақов баяндады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергелікті  мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы» Заңына және Тасқала аудандық аумақтық  сайлау комиссиясының 2021 жылғы 27 қыркүйектегі  қаулысына сәйкес аудандық мәслихатының шешімі бойынша VII шақырылған  Тасқала аудандық мәслихатының депутаты болып Аділет Бекжанов тіркелді.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале