6.10.2020, 11:29
Оқылды: 86

Тасқала ауданы әкімі Ақтау және Амангелді ауылында болды

Тасқала ауданы әкімі Алдияр Халелов Амангелді және Ақтау ауылдарында жұмыс сапарымен болып қайтты. Аудан басшысы Амангелді ауылындағы күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

????????????????????????????????????

Жүздесу барысында Алдияр Сансызбайұлы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Аудан әкімі тұрғындарды ауылды абаттандыру жұмыстарына етене араласуға, сенбіліктер ұйымдастырып, терек егіп, ауыл келбетін жаңғырту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға шақырды. Биыл ауданда атқарылған ауқымды жобалардың бірі – Амангелді ауылдық мәдениет үйінің жөндеуден өтуі. Аталмыш жұмыстар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы өткізілді. Бүгінгі күнге барлық жұмыстар толығымен аяқталып, мәдениет үйі пайдалануға берілді.

????????????????????????????????????

Ауыл тұрғындары көптен бері жөндеу көрмеген ғимараттың қазіргі келбетіне дән риза. Көрермен залы, сахна, қызметкерлерге арналған бөлмелер кәдімгідей жаңарып қалыпты. Бұл туралы ауыл тұрғыны, әжелер ансамблінің мүшесі Сайлаш Ажғалиева өз сөзінде атап өтті. «Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстары жақсы жүргізілген, сахнасы керемет, жарқырап тұр. Ауылымыздың мәдениет қызметкерлерінің өнерлерін одан әрі шыңдап, жаңа белестерді бағындыруына бір серпін беретіні анық. Аудан басшылығына, мердігерге мәдениет үйіміздің жаңа келбеті үшін ауыл тұрғындары атынан алғысымды білдіремін», – деді ол.

????????????????????????????????????

Жұмыс сапары барысында Алдияр Сансызбайұлы қайта жаңғыртылып жатқан Ақтау ауылының судан қорғау бөгетінің құрылыс жұмыстарын тексерді. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Бекболат Губаев қазіргі таңда бөгет жағасын кеңейту және нығайту жұмыстары аяқталу сатысында екенін атап өтті. Келесі кезекте су жіберу құбырларының алдына мұздан қорғауға арналған кедергілерді орнату тұр. Жұмыстар аяқталысымен, бөгетте 600 мың текше метр көлемінде су жинау жоспарланып отырғанын түсіндірді. Осындай мақсатта аудан көлеміндегі ауылдардың маңындағы ірілі-ұсақты бөгеттерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

????????????????????????????????????

Бұл арқылы аудан тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтарын дамытуға, бау-бақша егуге, құс ұстауға қолайлы жағдай туғызу күн тәртібінде тұр.

Әсет Баян,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале