26.03.2024, 11:30
Оқылды: 0

Тасқала ауданында бақылау күшейтілді

Тасқала ауданы әкімі Талғат Шакировтың төрағалығымен су тасқынының алдын алу бойынша аудандық штабтың отырысы өтті.

af784b0a-9b04-41ca-b4d0-21144aa49409

Оған аудан прокуроры Дәурен Тажгалиев пен азаматтық қорғаныс құрылымдарының өкілдері қатысты.

 Отырыста су тасқынының алдын алу шараларын күшейту және барлық жағдайды бақылауда ұстау, ақпараттық жұмысты күшейту туралы тапсырма берілді.

b0ca8c19-954d-454a-9e41-1203a7107b1e

Қазіргі таңда аудан бойынша және барлық ауылдық округте су жүретін жолдар тазаланып, жүлгелер аршылуда. Кезекші құрылымдар ағын судың жолдарын ашып жатыр.

Кеше түнгі сағат 00.00-ге дейін Ахметкалиев, Халықтар достығы көшелерінде арнайы техникаларды пайдаланып азаматтық қорғаныс құрылымдары жұмыс істеп, су жолдары ашылды.

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале