8.05.2024, 16:17
Оқылды: 37

Тасқала ауданында көкпардан аудан біріншілігі өтті

Тасқала ауданы орталығындағы "Кең өріс" алаңында аудандық спорт клубының ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай көкпардан аудан біріншілігі өтті.

IMG-20240508-WA0026

Құрамы үш адамнан тұратын бұл сайысқа Амангелді, Атамекен, Тасқала ауылдары мен қоса көршілес Казталов ауданында қарасты Әбіш ауылынан келген командалар қатысып, бақтарын сынады. Алдымен, Отан қорғау жолында мерт болған сарбаздардың рухына құран бағышталды. Содан соң шараға жиналғандар еліміздің Гимніне сап түзеді. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұхтар Танатжанов пен көкпар жанашыры, аталмыш шараның демеушісі Самат Төлегенов сөз сөйлеп, қош келдіңіздер айтты.

IMG-20240508-WA0027

Жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтап, шараның маңызына тоқталды. Көкпаршыларға сәттілік тіледі. Одан әрі қызыққа толы тартысты ойын өтті. Одан бөлек бұл күні жастар арқан тартып, қол күрестіріп білек күштерін сынады. Садақ атып мергендіктерін байқатты.

IMG-20240508-WA0028

Осылайша командалық көкпардан Мереке ауылдық округінің командасы жүлделі I орынды жеңіп алса, II орынға Тасқала,ал, III орынға Атамекен ауылдарының командалары жайғасты. Арқан тарту бойынша Амангелді ауылдық округінің командасы I орынды жеңіп алса, ардагерлер мен жастар командасы жүлделі II-III орындарды өзара бөлісті.

IMG-20240508-WA0029

Гір тасын көтеруден Төлегенов Сансызбай 1орынға жайғасса, Айтқали Абулхасан 2 орынды қанағат тұтты. Ал, Умаргалиев Рамазанға 3 орын бұйырды.

Садақ атудан Аманғалиев Елдос 1 орын  Теміржан Еркебұлан 2 орын, Қабыл Нұралбек 3 орынды жеңіп алды.

Қол күресі бойынша Кинаков Сержан 1 орын, Кинаков Арман 2 орын, ал Потапов Константин 3 орынды өзара бөлісті.

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале