19.04.2024, 23:21
Оқылды: 21

Тасқала ауданында мүшәйра сайысы өтті

Тасқала аудандық білім бөлімі мен аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының жоспарына сәйкес жас ақындар мүшәйрасы өтті.

мүшәйра фото 1

Оның мақсаты – жас ұрпақтың бойына тарихи сананы қалыптастыру, жас буынды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, поэзияға, көркем шығармалар арқылы туған жерін сүюге және қастерлеуге, ортақ құндылықтарға және ұлттық бірлікке баулу. Балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға жәрдемдесу болатын. Жүрегімнен жыр жазамын» тақырыбындағы мүшәйраға барлығы 9 оқушы қатысып бақтарын сынады.

Нәтижесінде бас жүлдені «Оян «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің оқушысы Айша Ажғалиева жеңіп алса, І орын «Шежін «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің оқушысы Жұмаш Аңсағанымға бұйырды. Ал, ІІ орынды Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Айерке Әлібек қанағат тұтса, жүлделі ІІІ орын «Сәулет» мектеп-лицейінін оқушысы Жанерке Қалиханның еншісіне тиді. Жеңімпаздар аудандық білім беру бөлімінің дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале