16.03.2024, 12:23
Оқылды: 17

Тасқала ауданында салт-дәстүр насихатталды

Бүгін Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні деп белгіленген болатын. Сәулет мектеп-лицейінде 5 сынып оқушыларының "Балаға ат қою" рәсімі шағын көрініс түрінде ұсынылды.

IMG-20240316-WA0063

Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева және аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұхтар Таңатжан қатысты. Дүние есігін жаңа ашқан сәбиге ат қою - адам өміріндегі тағдырына тікелей әсер ететін ең маңызды рәсімдердің бірі екені таныстырылып,  балаға ат қою рәсімінің орындалу тәртібі көрсетілді.

IMG-20240316-WA0067

Ал, Садық Жақсығүлов мектебінде “Беташар” рәсімінің көрінісі көрсетіліп, балаларға салт-дәстүрлерімізді дәріптеу рәсімі жайлы түсінік берілді. Осыған орай аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектебінде “Тұсаукесер” салт -дәстүрі көрсетілді. Шараның мақсаты – қазақ халқының ертеден келе жатқан салт-дәстүрінің бірі тұсау кесу рәсімін оқушыларға кеңінен насихаттау. Қ.Сатпаев атындағы орта мектепте мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Әжелер даналығы» клубының жоспарына сай  оқушыларға «Бесікке салу» дәстүрі көрсетілді. Мақсат – қазақ ұлтына тән салт-дәстүрлердің ішінде кө­не­ден келе жатқан жоралғылардың бірі – бесікке салу рәсімін насихаттау, оны өскелең ұрпаққа түсіндіру. Бұл дәстүрді елге беделді, жасы үлкен, көпбалалы, ақ жаулықты әже орындау керек екенін айтып жеткізу.  Жалпы өткен шаралардың мақсаты–  жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіру.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале