Казталов ауданы әкімі тыл ардагерлерінің шаңырағында болды
1 Қазан 2022

Казталов ауданы әкімі тыл ардагерлерінің шаңырағында болды

Бүгін – халықаралық қарттар күні
1 Қазан 2022

Бүгін – халықаралық қарттар күні

Экология министрі БҚО тұрғындарымен кездесу өткізді
1 Қазан 2022

Экология министрі БҚО тұрғындарымен кездесу өткізді

Ақынын ардақтаған Ақжайық
30 Қыркүйек 2022

Ақынын ардақтаған Ақжайық

Подстепныйлық қарияларға құрмет көрсетілді
30 Қыркүйек 2022

Подстепныйлық қарияларға құрмет көрсетілді

Жұмыс тобы Теректіде
30 Қыркүйек 2022

Жұмыс тобы Теректіде

23.06.2021, 22:27
Оқылды: 52
Тасқала ауданында жол қауіпсіздігіне қатысты кеңес өтті

Жуырда Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Аян Халауединнің төрағалығымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кеңес өтті. Кеңес отырысына аудандық мекеме және ұйым басшылары, «Тасқала теміржол станциясы» желілік полиция бөлімшесінің басшысы Д.Кустамбаев қатысты.

акимат

Желілік полиция бөлімшесінің басшысы Д.Кустамбаевтың мәліметіне сәйкес, 2021 жылдың 5 айында аудан аумағында жүк тасымалдаушы пойыздардың 7 авариялық тоқтауы орын алған. Олардың ішінде екі жағдай ірі қара малымен соқтығысуының салдарынан болып отыр.

Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 559-бабының 1-тармағына сәйкес айыппұл салынған. 2020 жылы 16 авариялық тоқтау болса, 7 жағдайда ірі қарамен соқтығысқан.

Отырыста аудан бойынша жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін тиімді шараларды қабылдау қажеттілігі аталып өтілді. Полиция инспекторларымен округ әкімдері бірлесе отырып, ауыл тұрғындарына ауыл шаруашылығы малдарын қараусыз қалдырмау және қараусыз қалдырған жағдайдағы жауапкершілікті түсіндіру жұмыстарын жандандыру туралы тапсырма берді.

Аудан тұрғындарының назарына!

Ауыл шарушылығы малдарының жаю тәртібі және ұйымдастырылуы туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында айқындалған.

Қағидаға сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы, ал тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ұстау орнына дейін айдап өту (айдау) ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінің немесе олардың уәкілетті адамдарының қадағалауымен жүзеге асырылуы тиіс. ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 408-бабына сәйкес, елдi мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу айыппұл салуға әкеп соғатындығын атап өткен жөн.

Әсет Баян,
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале