Басты жаңалықтар
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
6 Желтоқсан 2023
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
Орал қаласында гараж бен шағын автобус жанып кеткен. Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  Баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше кешкі сағат…
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
6 Желтоқсан 2023
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірімізге танымал тұлға Нәжімеден Есқалиевтың қазасына орай марқұмның отбасына көңіл айту хатын жолдады. «Мемлекет және қоғам қайраткері Н.Ы.Есқалиевтің отбасы…
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
6 Желтоқсан 2023
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
Сырым ауданы Қособа ауылдық округінің әкімі Бейімбет Жайманов ауылдастарымен есептік кездесу өткізді. Жиналысқа Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысты. «Жымпитыдан Қособаға ауыз су келеді деген?…
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
5 Желтоқсан 2023
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
Биыл Қазақстан футболына 110 жыл толды. Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен БҚО футбол қауымдастығы жыл бойы футзалдан әуесқой командалар арасында қалалық ашық…
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
5 Желтоқсан 2023
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
Бүгін Батыс Қазақстан облысы ТЖД басшылығы жыл бойы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі жұмысқа белсенді қатысқан волонтерларға алғысхаттар табыстады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар…
Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»
5 Желтоқсан 2023

Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды
26 Қараша 2023

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
24 Қараша 2023

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

23 Қараша 2023

"Аруман" жылыжай кешенімен танысты

Шыңғырлауда өткен қабылдау
23 Қараша 2023

Шыңғырлауда өткен қабылдау

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді
23 Қараша 2023

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді

18.09.2023, 16:00
Оқылды: 43

Тасқала ауданының 90 жылдығы аталып өтті

Қазақ елінің батыс қақпасы саналатын Тасқала ауданының 90 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өтті. Деркөл өзенінің бойында қаз-қатар тігілген киіз үйлер алыстан мен мұндалап өзіне шақырғандай. Бейне бір ауыл маңына ауыл көшіп келген бе дерсің.

84BC64C1-31F1-4D43-9745-782EF26A9592

Таңғы сағат жетіден бастап қазан көтеріп, самаурынға шоқ салып, кәуәп пісірген адамдарды айтсаңызшы. Бұл күні дала қызықтарын тамашалауға еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін жиналды. Халықтың көптігі соншалық, бірін-бірі табу мүмкін болмады. Көп кешікпей салтанатты шара басталды.

Оған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Табылғали Сапаров, «Жайнай бер Тасқала» әнұранының авторы Ғайса-Ғали Сейтақ, жерлесіміз Бақтығали Ахметов пен аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетов және осы ауданда қызмет еткен біраз тұлғалар қатысты. Шара аудан көркемөнерпаздарының театрландырылған көрінісімен ашылды.

E0642287-FB19-4291-A60C-266EB097DA0D

Тамырын тереңге жайған 90 жылдық тарихы бар Тасқала ауданы – бүгінде облысымыздағы алдыңғы қатарлы аудандардың бірі. Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге жүргізіп отырған мамыражай халқымыздың қайнаған еңбегінің арқасында өндіріс пен өркениет қатар дамуда.

Төл тарихымыздың еншісінде Тасқаланың адамзат тарихының бастапқы кезеңі тас дәуірінен бастап, еңселі Ешкітаудың етегі адам баласына құтты қоныс болған мекен екені белгілі.

Салтанатты жиында аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетов пен облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы сөз алып, аудан жұртшылығын айтулы мерекемен құттықтады.

B2B0F18D-1845-4C23-B115-C0BD677B35CA

«Қымбатты тасқалалықтар! Тасқала ауданының 90 жылдық мерейтойы құтты болсын! Азаттығымыз бен егемендігіміздің арқасында жоғалғанымыз табылды, өшкеніміз қайта жанды. Біз еш уақытта да тарихымызды ұмытпауымыз керек. Оны өскелең ұрпақтың бойына сіңіру – біздің басты мақсатымыз. Тасқала ауданының облыс дамуына қосқан үлесі ерекше. Бұл өңір талай дүлдүлдер мен еңбек адамдарын шығарған қасиетті мекен. Бұл мекенде қызмет етіп, осы жерден түлеп ұшқан талай азаматтар қазіргі таңда елдің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Баршаңызды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық тілеймін. Тасқала жайнай берсін!», - деді облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде.

Одан кейін ауданның гүлденіп-дамуына саналы ғұмырын арнаған, ел үшін аянбай еңбек еткен бірнеше азаматқа «Тасқала ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. Олардың қатарында қарапайым еңбек адамынан аудан әкімі дәрежесіне дейін көтерілген, жерлесіміз «Батыс Қазақстан электр энергиясы» компаниясының бас директоры Қуат Мусин, атақты марафоншы, жерлесіміз, талай бәсі биік жарыстарда аудан атын шығарып жүрген Ғариф Сатиев, мемлекеттік қызмет саласының ардагері, әлеуметтік саланың білгір маманы Раушан Мүсәлімова, 2013-2018 жылдар аралығында Тасқала ауданының әкімі болған Санжар Әлиев бар.

3A48F15E-DD83-4BBA-B3A2-6E76A24A365B

Бұл күні Тасқаланың түлеуіне, тұғырының биіктеуіне барынша қызмет етіп, үлес қосқан  еңбек ардагері Мүтиғолла Ирменов, құқық қорғау саласының ардагері Бисенбай Өтегенов, белгілі кәсіпкер, «Нефтек» ЖШС бас директоры Асылбек Нупов, облыстық мәслихаттың депутаты, іскер басшы Нұртай Жұмашев пен әлем чемпионы, белгілі атбегі Бауыржан Мамбетовке құрмет грамотасы тапсырылды.

Одан әрі ауданның қалыптасуы мен дамуына сіңірген ерекше еңбегі, туған жерге деген мінсіз адалдығы үшін медицина саласының ардагері Бақтығали Ахметов пен «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры, Тасқала қауымдастығының басшысы Табылғали Сапаровқа, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балыков пен БҚО құрылыс материалдары корпарациясының басшы, белгілі меценат Мұхаметжан Кенжеғұловқа «Тасқала ауданының құрылғанына 90 жыл» мерейтойлық төсбелгісі табысталды.

3051E5EB-80C8-4FC0-A6AD-7EB1616052A5

Сондай-ақ, мерейлі тойға көршілес жатқан Бәйтерек, Казталов аудандарынан да қонақтар келіп, тасқалалықтарды айтулы мерекемен құттықтады.

Назгүл Серікқызы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале