30.11.2023, 21:51
Оқылды: 15

Тасқала ауданының үздік жастары марапатталды

Бүгін аудандық мәдени-демалыс орталығында Тасқала аудандық жастар ресурстық орталығы және Намыс қоғамдық бірлестігінің ұйымдаструымен әр салада жемісті еңбек еткен, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көрінген қызметкерлерге «Жыл үздігі – 2023» премиясы табысталды.

IMG-20231130-WA0310

Аталмыш жиынға қатысқан аудан әкімі Талғат Шакиров жыл бойы атқарған істі бағалап, талмай еңбек еткен жастарды аталымдар бойынша марапаттап, құттықтады. Мемлекетіміз жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болуы үшін де қазіргі заманда білім-ғылымға және мәдениетке аса назар аударатыны, ғылыми прогресті дамыту үшін қызмет атқарып, еліміздің дамуындағы білімнің маңызын айтып, нұсқау беруі –бәрі де еліміздің экономи қарыштап дамуындағы бірден-бір өзгеріс. Ең алдымен еліміздің мақтанышы, футбол ұлттық құрамамыздың ойыншысы Еркін Тапаловқа 90 жылдық төсбелгісі табыс етілді.

IMG-20231130-WA0308

IV жазғы пара Азия ойындарының қола жүлдегері Талғат Ажғалиев «Үздік жас спортшы» номинациясынымен марапатталды.

«Үздік оқушы» аталымы Жұбамай Арнұрға табыс етілсе, «Үздік жас ұстаз» аталымы бойынша Алихан Жасқайрат марапатталды. «Үздік жас дәрігер» аталымымен Арайлым Аманғалиева марапатқа ие болды.

IMG-20231130-WA0311

«Үздік волонтер» аталымы Әдемі Мұқанбетжанға табысталды. «Үздік жас кәсіпкер» аталымы бойынша Дәурен Жакупов ие болды. «Үздік мәдениет қызметкері» Мирас Бектенов марапатталды.

IMG-20231130-WA0312

«Жыл жаңалыңғы» номинациясы Манас Маратұлына табыс етілді. Жастарымыздың мерейі жасай берсін, еліміздің гүлденуі мен көркеуіне үлестерін қосып жүрген жігерлі де ынталы жастарымыздың еңбектері жемісті болсын.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале