15.12.2023, 17:27
Оқылды: 28

Тасқала жазуы жаңартылды

Бүгін 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ардагерлер мен ауыл тұрғындары, мекеме-ұйым басшылары аудан орталығындағы «Тұңғыш Президент» саябағында орналасқан Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, Тәуелсіздік құрбандарын еске алды.

таскала (8)

Аталмыш шараға аудан әкімі Талғат Шакиров, «Аmanat» партиясы, Тасқала аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева, аудандық мәслихат хатшысы Жанар Бисенғалиева мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балыков арнайы қатысты.

таскала (2)

Содан соң қонақтар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан аудан шекарасына кіреберістегі «Тасқала» белгісінің салтанатты ашылуына қатысты.

Айта кету керек, біраз жылдан бері жаңарту көрмеген бұл белгі биыл ауданның 90 жылдығына орай ел жанашырларының арқасында жаңадан бой көтерді.

таскала (1)

Аталмыш белгінің үлгісін сызып, оны жасауға атсалысқан жерлесіміз Азамат Ихласов пен Данияр Ешмухамбетов болса, осы белгінің барлық материалдық қаражатына қолдау білдіріп демеушілік танытқан «Нефтэк» ЖШС директоры жерлесіміз Асылбек Нупов болды.

Шарада алғаш болып сөз алған аудан әкімі Талғат Асқарұлы барша қонақтарды Тасқала белгісінің ашылу салтанаты және осымен тұспа-тұс келген Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап игі тілегін білдірді.

таскала (4)

Аталмыш белгіні қайта жаңартуға демеушілік танытқан жерлесіміз, аудан жанашыры, «Нефтэк» ЖШС директоры Асылбек Нуповқа тұрғындар атынан ризашылығын білдіріп, алғысхат пен «Жомарт жүрек» статуеткасын табыс етті.

Кеудесіне Тасқаланың 90 жылдығына арналған төсбелгіні тақты. Өз кезегінде Асылбек Иманбайұлыда туған жері үшін қай уақытта да көмекке даяр екенін білдіріп, көрсетілген құрмет үшін алғыс айтты.

Тасқала белгісінің лентасын қию рәсімі аудан әкімі Талғат Шакиров пен «Нефтэк» ЖШС директоры Асылбек Нуповқа, тыл ардагері, өлкентанушы Ғалым Хисаметдиновке, сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балыковқа бұйырды.

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

таскала (3) таскала (5) таскала (6) таскала (7)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале