1.09.2022, 17:45
Оқылды: 49

Тасқалада актив жиыны өтті

Жуырда Тасқала ауданы әкімдігінің үлкен залында актив жиыны өтті. Оған аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетов, аудандық мәслихат хатшысы Жанар Бисенғалиева және аудандық қоғамдық келісім төрағасы Ганмирлан Тұрғаналиев қатысты.

3

Аталмыш жиынға спорт саласының ардагері Қайыржан Баймағамбетов, ауыл шаруашылығы саласының ардагері М.Ф.Снапков, аудандық мәслихат депутаттары және ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысып, керемет сәттің куәсі болды. Жиын барысында білім саласының ардагері Бақтығұл Жұмажанұлы Тасмағамбетовке, «Батыс Қазақстан құрылыс материалдар коорпорациясы» АҚ директоры Мұхамбетжан Айсабайұлы Кенжеғұловқа және 2001-2005 жылдары аралығында Тасқала ауданының әкімі қызметін атқарған Салауат Ғаббасұлы Нұрғалиевке  «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.

«Құрметті актив жиынына қатысушылар, Сіздерге алғысымызды білдіре отырып, алдағы уақытта тек жақсылық тілейміз. Бүгінгі «Ауданның құрметті азаматы» атағына ие болған азаматтардың қай-қайсысы да лайықты деп білеміз. Өз заманында елге аянбай еңбек етіп, жерлестерінің алғысына бөленген жандар. Бұндай азаматтардың еселі еңбегін біз де ұмытпауымыз керек және елеусіз қалдырмағанымыз жөн. Бүгінгі алған марапаттарыңыз құтты болсын»,- деп сөзін түйіндеді аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы.

4

«Аталмыш жиында маған осындай құрмет көрсетіп жатқандарына көп рахметімді айтамын. Бұл марапат кез келген адамға бұйыра бермейді. Осыған мені лайықты көргендеріне алғысым шексіз. Сонау 2001-2005 жылдары аралығында осы ауданның әкімі болып тасқалалықтармен бірге иық тіресе қызмет жасап едік. Содан бері қанша уақыт өтсе де азды-көпті еңбегімді елеусіз қалдырмағанына алғыс айтамын. Ел аман, жұртымыз тыныш болсын!», - дейді зейнеткер Салауат Нұрғалиев.

Темірболат Тоқмамбетов,

Тасқала ауданы

zhaikpress.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале