Тасқала ауданы әкімі Талғат Шакиров аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиеваны қабылдап, мерейлі жасымен құттықтап, алғыс хат табыстады.
Хатта:
– Құрметті Жанар Нұрболатқызы. Мерейлі жасыңызбен құттықтаймын! Сізді іскер де тәжірибелі басшы, дарынды өнер адамы ретінде бағалаймыз. Ұзақ жыл мәдениет саласында жемісті еңбек етіп, аудан жұртшылығының рухани дамуына үлес қостыңыз. Сіздің жетекшілігіңізбен аудандық мәдени демалыс орталығы жанынан бірнеше халықтық ұжым өмірге келіп, өнерден лайықты орын алғаныңызды ерекше атап өткім келеді. Сіз ұзақ жылдар аудандық мәслихат депутаты ретінде атқарған жұмысыңыздың өзі бір төбе. Қай кезде де белсенділік танытып, халықтың сенімін ақтап келе жатқаныңыз үшін шынайы алғысымды білдеремін. Сізді туған күніңізбен құттықтай отырып, деніңізге саулық, жұмысыңызға жеміс, отбасыңызға береке, шаңырағыңызға шаттық тілеймін, - делінген.
Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасарлары Рауан Рахметуллин мен Саягүл Галиева және аппарат басшысы Асель Ибраева қатысты.
Шара соңында сөз алған Жанар Нұрболатқызы өзін елеп-ескеріп жатырған аудан басшылығына шынайы алғысын білдірді.
Назгүл Серікқызы
Тасқала ауданы