2.04.2021, 11:56
Оқылды: 52

Тасқалада аудандық мәслихаттың кезекті отырысы өтті

Жуырда Тасқала ауданы әкімдігінің үлкен залында аудандық мәслихаттың ІV сессиясы өтті. Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары Аян Халауедин, бөлім басшылары мен аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Сессияны мәслихат хатшысы Жанар Бисенғалиева жүргізді.

B93FAEDF-7C95-45AD-BFA0-DC70D16FB685

  Күн тәртібіне сәйкес алғаш сөз алған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекова Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсанындағы №55-2 «2021-2023 жылдарға арналған Тасқала аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайында баяндады. Содан кейін сөз алған аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Бекболат Ғұбаев 2020 жылы атқарылған және ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

  Келесі кезекте аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы С.Габбасов аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 22 қаңтардағы №2-6 «Тасқала аудандық жер комиссиясының құрамдарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, сонымен қатар аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.Шатенова аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 30 қаңтардағы №10-2 «Тасқала аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесін құру және оның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы есебін берді.

   Жиын барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды. Күн тәртібінде қаралмаған кейбір мәселелер жөнінде үзіліс жарияланатыны жөнінде айтылып, сессия жалғасы қосымша хабарланатын болады.

Болатбек Асқарбекұлы,

Тасқала ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале