21.09.2021, 10:04
Оқылды: 41

Тасқалада «Ауыл life» жобасы оздырылды

Жуырда өңіріміздің белсенді жастарының басын қосқан «Ауыл life» жобасы Тасқала ауданына қарасты Амангелді ауылының төрінде өтті.

ауыл лайф (3)

Аймағымызда тұңғыш рет қолға алынып отырған шараның өтуіне облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық университеті мұрындық болды. Ерекше бағытта өткен сайыста қатысушылар өзара үш топқа бөлініп, мықтыны анықтады.

Сайыскерлер қой сою, балық аулау, сиыр сауу, тамақ дайындаудан шеберлік жарыстырды. Бұл жерде сайыс деген аты болмаса, ең басты мақсат – жастар арасында ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді насихаттау.

Шара соңында белсенділік көрсеткен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

 

Аман Байғали,

Амангелді ауылдық округінің жастармен

жұмыс жөніндегі маманы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале