Тасқала ауданының әкімі Талғат Шакиров мерейлі 75 жасқа толған Мереке ауылдық округі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ауданның құрметті ақсақалы Едіге Қауенұлын қабылдап, мерейтойымен құттықтады.

Кездесу барысында аудан басшысы Едіге Қауенұлының саналы ғұмырын ел игілігіне арнап, ұзақ жылдар бойы адал еңбек еткенін, ауылдың өсіп-өркендеуіне және қоғамдық өмірдің дамуына сүбелі үлес қосқанын ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, Мереке ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы ретінде ел бірлігін нығайтуға, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге, ауылдың өзекті мәселелерін шешуге белсене атсалысып келе жатқан еңбегіне жоғары баға берді. Әсіресе, Қалмақ елді мекенін газдандыру, электр желісін тарту сияқты маңызды жобалардың жүзеге асуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Талғат Асқарұлы мерейтой иесіне ізгі тілегін арнап, ақсақалдың иығына шапан жауып,алғыс хат табыс етті.
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы