7.02.2018, 10:33
Оқылды: 25

Тасқалада ірімшік өңдеу цехы ашылмақ

Бұл туралы аудан әкімі Санжар Әлиев халық алдындағы есебі кезінде айтты.

- «Тасқала ПромСервис» ЖШС 3 млн. теңге көлемінде мемлекеттік грант алып және қосымша 1,1 млн. теңге өз қаражатына ірімшік өңдеу цехын ашпақ. Сонымен қатар 2017-2018 жылдарға жоспарланған құны 20 млн. теңгені құрайтын жабық базардың құрылысы жүргізілуде.

2017 жылы «Феррум Контракт» ЖШС Тасқала ауданының  Бірлік ауылында «Шөлмектегі су өндірілетін цех құрылысы»  жобасы сараптамадан өткен болатын. Облыстық кәсіпкерлік басқармасына үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту картасына енгізуге ұсыныс беріліп, хат жолданды. Биыл құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Инвестиция көлемі 190  млн. теңге. Бірлік ауылынан 10 адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, - дейді С.Жұматайұлы.

Оның сөзінше, аудан бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің саны  977 бірлікті құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 2,5% артқан.

zhaikpress.kz

Сурет: Айбатыр Нұраш

taskala otshet (5) taskala otshet (15)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале