5.05.2021, 17:15
Оқылды: 38

Тасқалада қайырымдылық жалғасуда

Тасқала ауданы Амангелді ауылдық округі әкімі аппаратында «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында экологиялық іс-шаралар аптасы өтуде. Жұмыс орындарында сау климатты орнату мақсатында жасыл бұрыштарды құру жұмыстары жүргізілуде.

16DB9D6C-9A0A-4687-A035-2FA3C85243F4

Баршамызға мәлім, гүлдің әсемдігімен бірге пайдасы да бар. Ауаны тазартып, көмірқышқыл газын жұтып, оттегіні бөледі, бөлме ішін ылғалдандырып, улы заттардан тазартатындығы, қоршаған ортаға жағымды энергия бөлетіндігі белгілі. Осы іс-шараға ұжым белсене қатысып, жұмыс орындарын бөлме өсімдіктерімен толтырып, оларға күтім жасауда.

Сонымен қатар аталмыш ауылдық округтің бір топ еріктілері «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында Н.Шантемирова әжемізге мекенжайлық көмек көрсетті. Қазақ қашанда қарттың сөзіне тоқтап, ақылын тыңдап, тәрбиесімен сусындап өскен. Қариясын қазынасындай көріп, даналықтың алтын кілті ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз деп білген. Өз кезегінде ақ жаулықты әжеміз алғысын айтып, ақ батасын берді.

Гүлмира Шакаева,

Амангелді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале