13.10.2020, 10:49
Оқылды: 74

Тасқалада қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Жуырда Бақтығұл Тасмағамбетовтің төрағалық етуімен аудандық Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Аян Халауедин, аудандық мәслихат хатшысы Сансызбай Рахимов, кеңес мүшелері, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде 6 мәселе қаралды.

DSC_1345

Бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекова 2020 жылғы 14 қаңтардағы №43-1 «2020- 2022 жылдарға арналған Тасқала ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу жайында баяндама жасады.

Екінші мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Ғазез «Тасқала ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттерді өткізуге тыйым салған іргелес аумақтық шекараларын анықтау туралы» аудандық мәслихаттың жобасы жөнінде баяндады.

DSC_1354

Қалған мәселелер бойынша Амангелді, Мерей, Қазақстан, Мереке ауылдық округтері әкімдерінің ауылдық округ аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы, оның сапасын арттырудағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы есептері тыңдалды.

Кеңес мүшелері баяндамашыларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын ортаға салды.

 

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале