25.03.2024, 12:31
Оқылды: 11

Тасқалада көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары күшейтілді

Күн жылынып, ауа температурасының көтерілуіне байланысты Тасқала ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында азаматтық қорғаныс құрылымдарының дайындығы күшейтілді. Аудандық штабта тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылып, әр мекеме өз жұмыстарына кірісті.

дайындық күшейтілді 2

Кешеден бастап Амангелді, Бибігүл Төлегенова, Чурилин, Панфилов көшелеріндегі ағын судың жолы аршылып, су сақиналары бу қондырғылар арқылы тазартылды. Аталмыш жұмыстарға аудан әкімдігі мен Төтенше жағдайлар бөлімі, коммуналдық шаруашлық қызметкерлері мен Тасқала ауылдық әкімі аппаратының мамандары қатысты. Жағдай жіті бақылауда.

Элмира Асылбекқызы,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале