25.05.2021, 18:22
Оқылды: 33

Тасқалада Құрмет тақтасы жаңартылды

Бүгін Тасқала ауданының құрылғанына 85 жыл толуына орай Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында орнатылған Құрмет тақтасы алаңында салтанатты жиын өтті. Шараға аудан әкімі Алдияр Халелов, аудан әкімінің орынбасары Талғат Шәкіров, бөлім басшылары, аудан тұрғындары қатысты.

 Т1

Шараның ашылу салтанатында құттықтау сөз алған аудан басшысы Алдияр Сансызбайұлы барша қатысушыларды атаулы күнмен құттықтады.

- «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған Құрмет тақтасына 2018 жылы үздік ел азаматтарының суреттері ілінген болатын. Енді міне, комиссия шешімімен бүгінде осы үрдіс жалғасын тауып отыр. Ең үздік деген түрлі саладағы мамандар мен үздік қызметімен танылған азаматтардың суреттері Құрмет тақтасынан орын алады. Мұның жастар тәрбиесінде мәні зор.

Т2

Өзім мемлекеттік қызмет саласының ардагерімін. Құрмет тақтасына әр түрлі саладағы азаматтар ілінген екен. Өзіме көрсетіліп отырған бұл құрметке ризашылығымды білдіремін. Елім, жерім дейтін азаматтарымыз аман болсын! - деді өз сөзінде Тасқала ауданының құрметті азаматы Арон ата Жұбанышев.

Б.Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале