20.04.2024, 22:34
Оқылды: 12

Тасқалада тартысты сайыс өтті

Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының 25 жылдық мерейтойына орай Тасқала  аудандық мектептер арасында «Satbaev Quiz» атты интелектуалды сайыс өтті.

InShot_20240420_223016952

Оған аудандағы мектептердің жас мұғалімдерінен құралған 14 команда қатысып, бақтарын сынады. Эмоцияға толы тартысты өткен ойын нәтижесі бойынша жүлделі 1 орынды Актау орта мектебінің "Ми ғұламалары" командасы жеңіп алды.

InShot_20240420_223037543

Ал 2 орынға Сәулет мектеп лицейі табан тіресе, 3 орын С.Жақсығұлов атындағы мектептің командасына бұйырды. Жеңімпаз командаларға естелік сыйлықтармен бірге арнайы дипломдар табыс етілді.

Назерке Шайхолла,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале