7.07.2020, 15:43
Оқылды: 94

Тасқалада тутұғыр орнатылды

Тасқала ауданы орталығында Мемлекеттік рәміздерді ардақтау мақсатында Елорда күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті.

C011C550-811B-44AC-85F4-698ED86D7BCC

Айтулы шараға Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Арсен Баяндықов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Люция Жұбанышқалиева және мекеме басшылары қатысты. Шара барысында құттықтау сөз алған аудан әкімінің орынбасары Арсен Толқынұлы Тәуелсіз еліміздің Елордасы күні қарсаңында мемлекетіміздің тутұғырын орнату рәсімінің маңызы жайындағы ойын ортаға салды.

– «Көрнекті жолдың бойында орналасқан бүркіт тауының қасына бірдеңе жетіспей тұрғандай», – деп кезінде аудан әкімі А.Халелов идеяны ортаға салған еді. Жергілікті кәсіпкер Б.Сақыпкереев қолдап, іске асырған болатын. Бүгінде көріп тұрғандарыңыздай, осындай тутұғыр орнатылды. Кәсіпкер Бауыржан Асқарұлына ауыл тұрғындары атынан алғыс айтамын, – деп барша ауылдастарды айтулы күнмен құттықтады. Сонымен қатар тутұғырдың орнатылуына демеушілік көрсеткен «Брат.М» ЖШС-ның бас директоры Бауыржан Сақыпкереевке аудан әкімінің алғысхаты табысталды.

Және «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясы аясында «Nur Otan» партиясымен бірге халыққа қолдау көрсетуге еріктілер ретінде белсенді атсалысқан азаматтарға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Л.Жұбанышқалиева Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының алғысхаттарын табыстады.

Болат Бек

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале