2.11.2023, 19:32
Оқылды: 21

Тасқалада үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

5 қараша күні Тасқалада аудан әкімі сайлауы өтеді. Аудан әкімі лауазымына үш үміткер тіркелді. Олар – «AMANAT» партиясынан Талғат Шакиров, «Қазақстан халық» партиясынан ұсынылған Бекжан Тоқжанов және өзін-өзі ұсынған Мэлс Нәріков. Бүгінде кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын белсене жүргізуде.

IMG_0027

Бүгін аудан әкімі лауазымына үміткер Мэлс Нәріков аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұжымымен кездесті. Жоспарларымен бөлісіп, жастардың сайлау алды бағдарламасымен таныстырды. Кездесу барысында Мэлс Жасанғалиұлы қысқаша өмірбаянына тоқталып өтіп, мемлекеттік жұмыстарда мол тәжірибесі бар екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, жастар ұжымын аудан болашағына бей-жай қарамай сайлауға белсене қатысуға шақырды.

Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале