22.12.2020, 14:52
Оқылды: 71

Тасқалада үміткерлер ауыл тұрғындарымен кездесті

Жуырда аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер ауыл тұрғындарымен кездесті.

кездесу (2)

Бұл жолы үміткерлердің ішінде Аңсағаным Бактыгереева мен Люция Жұбанышқалиева «Алтынай» дүкенінде сайлаушылармен экспромт-кездесу өткізген болатын.

Кездесу барысында сауда орнындағы қызметшілер мен тұтынушыларды сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріміз бен жасалған жұмыстарға қысқаша тоқталған Люция Әсетқызы ауыл тұрғындарын сайлау науқанында белсенділік танытуға шақырды. Сауда орнында жүргізілген үгіт-насихат барысында Амангелді ауылының тұрғыны Елемес Ерғалиев пандемия кезіндегі дәрігерлердің еңбегі ұшан-теңіз екендігін атап өтті.

кездесу (1)

– Дәрігер мамандарының жұқпалы ауруға қарсы тұрып, жұмыла жұмыс жасағандарын көзімізбен көрдік. Олардың да отбасы, бала-шағасы бар бола тұрса да елді аты жаман індеттен аман алып қалу мақсатында аянбай тер төкті. Біз сіздердің жақсылықтарыңызды ешқашан ұмытпаймыз, - деген Амангелді ауылының тұрғыны аудандық аурухана дәрігері Аңсағаным Бақтыгерееваға алғысын жаудырды.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер мен ауыл тұрғындарының арасында болған кездесу барысында сауда орнына келушілер сайлауға белсенді қатысатындықтарын жеткізді.

Темірболат Әнуарұлы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале