10.09.2024, 15:00
Оқылды: 107

Тасқалада халықтық штаб мүшелері ұстаздармен кездесті

«AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының, сондай-ақ, аудандық Халықтық штабтың төрағасы Люция Жұбанышқалиева бастаған топ Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте болып, ұстаздар қауымымен кездесті.

2B453C75-C37B-46BF-B8BB-EAC0C1E0BFD6

Алдымен сөз алған Люция Әсетқызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауының мақсатын түсіндіріп, оның әр бөліміне арнайы тоқталды.

Әсіресе «Қарызсыз қоғам», «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» бағдарламалары аясында ауқымды жұмыстардың қолға алынып, өз нәтижесін беріп жатқанын тілге тиек етті. Одан әрі сөз алған ардагер ұстаз Бақтығұл Тасмағамбетов, ұстаз Айнұр Дүйсенова, «Ақжол» партиясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Азамат Құлшымановта өз ойын ортаға салып, әсіресе 6 қазанда өтетін референдумға арнайы тоқталды.

497E3764-399C-412C-855D-EFE145A6CED0

«АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Біз үлкен таңдау алдында тұрмыз. Сондықтан Халықтық штабтың міндеті – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру, - деді Бақтығұл Жұмажанұлы өз сөзінде.

6EE54B1A-0CC1-44B5-B622-ACB8ABF03261

Кездесу барысында әр штаб мүшесі өз ойын ортаға салып, алдағы өтетін референдум туралы да түсінік берді.

Жиында ұстаздардың көкейде жүрген сауалдарына да жауап берілді.

Тасқала ауданы

Назерке Шайхолла

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале