25.05.2021, 21:01
Оқылды: 74

Тасқалада ХХІХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Жуырда онлайн форматта «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалының кезекті ХХІХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференция «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Алдияр Халеловтың төрағалығымен және конференция делегаттарының қатысуымен өтті.

7B5D444E-E5BD-4365-89CD-4F34ECABCFBE

  Кезекті конференцияның күн тәртібінде партияның аумақтық филиалы саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттер, «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалының Саяси кеңесінің жаңа құрамын сайлау, «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы саяси кеңесі Бюросының құрамын бекіту, сондай-ақ облыстық конференцияның делегаттарын сайлау мәселелері қаралды. Алғашқы мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Люция Жұбанышқалиева баяндама жасады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша делегаттардың бір ауыздан мақұлдауымен «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалының Саяси кеңесінің жаңа құрамына 15 адам, ал «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросының құрамына 7 адам сайланды. Конференцияның күн тәртібіне сәйкес облыстық конференцияға ауданымызға бекітілген квота бойынша 4 делегат сайланды.

   «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалының кезекті ХХІХ есеп беру-сайлау конференциясында қаралған мәселелер толығымен қаралып, қаулы бекітілді. Кеңес құрамы сайланды.

Нұрсұлу Таңатарова

сектор меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале