9.10.2020, 17:12
Оқылды: 109

Тасқалада жаңа мешіт бой көтермек

Бүгін Тасқала ауданы орталығында мешіт құрылысының іргетасы қаланды. Шараға аудан әкімі А.С.Халелов, кәсіпкерлер мен ауыл ақсақалдары қатысты.

Meshit

– Тасқала ауданы – еліміздің батыс қақпасы сынды. Шекарада орналасқан елді мекен болғандықтан, ұлттық салт-дәстүрімізді, асыл дінімізді айрықша көрсетіп тұратын мешіт болғаны дұрыс деп есептейміз. Қазіргі мешіт әу баста өзге мақсатқа салынғандықтан рухани орталыққа техникалық және идеологиялық сипаты сай келмейді, – деп атап өтті шара барысында аудан басшысы А.Халелов.

Мешіт құрылысы жайында айтатын болсақ, мешіт ұзындығы 23 метр, ені 13 метр, биіктігі 14 метр екі қабатты ғимарат етіп салу жоспарланып отыр. Оның ішінде ер намазханасы және әйел жамағатына арналған намазхана қарастырылған. Мешіттің бірінші қабаты 176 адамға арналған және бұл қабат ер адамдарға арналады, екінші қабаты әйел адамдарға арналған және жалпы сыйымдылығы 80 орынды қамтитын болады.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале