2.12.2022, 10:45
Оқылды: 146

Тасқалада "Жігіт сұлтаны" байқауы өтті

Жуырда Тасқала аудандық "Жігіт сұлтаны – 2022" байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – ата салтын насихаттай отырып, салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

InShot_20221202_104535569

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен "Намыс" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен өткен шараға 10 қатысушы қатысып, өзара бақ сынасты. Байқаудың алғашқы кезеңінде қатысушылар "Күш атасын танымас" (қазақ күресі, қол күресі, аударыспақ) сынды спорттық сайыс бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

Байқау одан әрі "Тегімді менің сұрасаң" , "Білгенге-маржан" сынды бөлімдер бойынша жалғасын тапты.

Сайыс қорытындысы бойынша I орынды тасқалалық Мағжан Жеңісов иеленсе, II орын тасқалалық Аян Сырымға бұйырды. Ал, III орынды мерейлік Аймұрат Уалиахметов қанжығасына байлады. Жеңімпаздардарға  сайыстың арнайы белдігін әділқазылар алқасының төрағасы, атбегі, "SABA" этнокешенінің басшысы Ишанов Ақылбек Миразатұлы табыстады.

Жігіт сұлтаны фото

– Кезінде Орал қаласында өткен осындай байқауға қатысып, "Жігіт Сұлтаны" сайысынанда бірінші орын алған болатынмын. Алайда бұл байқауда да өзімнің өнерімді ортаға салып, қазақтың нағыз қара баласы екенімді тағы бір дәлелдегім келді. "Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан болсын" дегендей, әрбір ер жігіттің бойында да, ойында да осы сөз жүрсе, әрбір қазақтың жігіті «Жігіт сұлтаны» болуға лайықты деп ойлаймын. Бұл жарыс жайлы айта кетер болсам, осындай сайысты өткізіп жатырған ұжымға алғыс білдіргім келеді.  Өнерді ішке сақтамай сыртқа көрсетсе, осындай сайыстар көп болса, ұлттық өнерімізді, қазынамызды осындай сайыстар арасына қосып, жігіттің бағын сынаса жақсы болар еді. Қазір шыны керек, көбіміз тарихымызды салт-дәстүрімізді және де ұлттық ойындарымызды біле бермейміз. Біз кімнің ұрпақтарымыз екенінде ұмытып барамыз. Жалпы ата-бабамыз ат құлағында шебер ойнағандықтан, осындай байқаулар  ұлттық өнерімізден жарыстарды көбірек қолданса жақсы болар еді. Өзімнің саламда осы ер жігіттің нағыз келбетіне сай мамандық деп айтамын. Сондықтан осы мамандықты әрі қарай дамытқымыз келеді, өсіп келе жатқан жеткіншектерге ұрпағымызға осындай мирас қалдырғанымыз жөн», - дейді аудандық  спорт клубының ат спортының әдіскер нұсқаушысы Мағжан Жеңісов.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале