5.05.2021, 17:42
Оқылды: 74

Тасқалада жылыжай жұмысы алға басуда

Қазақстанда көкөніс өндірісі жеткілікті көрінгенімен, іс жүзінде отандық жеміс-жидекке жарымай отырғанымыз рас. Бұған бір жағынан, біздің климаттық жағдай да әсер етеді. Қазақстандық көкөніс, жеміс-жидек өнімдері сауда сөрелеріне негізінен жаз ортасында шыға бастайды. Бәлкім, бұл тығырықтан шығу үшін жылыжай құрылысына жете мән беру керек шығар? Қалай ойлайсыздар?

 жылыжай жұмысы алға басуда (4)

Осы орайда біз аудандағы жылыжай шаруашылығымен танысып қайтқанды жөн көрдік. Бұл арадағы мақсатымыз – жылыжайды жарнамалау емес, тиісінше осы арқылы оның пайдасын халыққа, оқырманға таныстыру, көрсету.

Жылыжай қожайыны Айгүл Сәрсенованың айтуынша, осы бір істі ашуға 2020 жылы (шілде айында) мемлекеттен 555 600 теңге мемлекеттік грант алды. Тынымсыз еңбектің арқасында жылыжай жұмысы алға басуда. Нәтижесі де жаман емес. Ендеше, Елбасы айтқандай, «Еңбектенген адамға Қазақстанда қолайлы кәсіп табылады».

Айгүл Балғабайқызының екі перзенті және жолдасы бар. Өзі II топ мүгедегі. Жолдасы әкімшілікте кіші қызметкер болып жұмыс жасайды. Қаражат аз болған соң, балаларын аяққа тұрғызу мақсатында осындай кәсіпті ашыпты. Бала кезінен ата-анасыанн жеміс-жидек, көкөністер егуді үйренген. Бау-бақша жұмысына да білек сыбана кіріскен. Өте еңбекқор жан осы саланы әрі қарай дөңгелетуді көздеген. Бақшаны жаны сүйіп, осындай керемет кәсіпті ашқанына дән риза. Аудан әкіміне қолдау көрсеткені үшін өз ризашылығын да әңгіме арасында айтып қалды. Бұл кәсіптің оңай келмегенін айтып, жалпы бір кәсіпті бастау үшін оны зерттеп алып кіріскен абзал екенін тілге тиек етті. Келіспей көріңіз.

– Бастаған ісің жаныңа жақын болуы тиіс, - дейді кәсіпкер. Жылыжайың болса, бұл кәсіппен біржолата айналысуға ден қойсаң, жылына бірнеше мәрте түсім алуға болады. Айталық, бағбан қиярды сәуірдің 10-13-і аралығында ексе, айналасы бір айдың ішінде, шамамен мамырдың 14-15-теріне қарай сатуға шығаруға болады деседі.

Әрине, жұмыс болған соң, қиындық болады. Оның шығар жолын таба білу керек екені сөзсіз. Сонда ғана діттеген мақсатқа жетесіз. Осындай өтпелі қиындықтар кезінде туыстары мен Тасқала ауылы тұрғындары үлкен демеу болды. Қаңтардан бастап үйге дән отырғызып бастаған кәсіпкердің көкөністері бой көтеріп қалған. Қыс кезінде жарық жиі сөніп, жылу жүйесі қатып қала берген. Көшеттерді жылыжайдан үйге кіргізуге тура келіпті. Өйткені көкөністер өспей, үсіп қалулары мүмкін еді. Бірақ үй жылы, содан жылу жүйесі ретке келген соң қайта жылыжайға апарып, екі араға жол салған. Мұның бәрі – еңбек. Жылыжайды салудың оңайға түспегенін кәсіпкер мойындайды. Қыруар еңбекті талап етеді. Әрі нағыз маман керек.

жжжж

– Қасымда тұратын көршім балаларымен бірлесіп осындай керемет жылыжай салып берді. Алыстағы жақыннан, қасыңдағы көршін артық» деп бекер айтылмаса керек. Құдайы көршілеріме алғысым шексіз. Екі-үш жылдан бері көршіміз. Еңбекқор әулет, - дейді Айгүл Балғабайқызы.

Жұмыспен қамту бөлімінде қызмет ететін қыздарға да риясыз алғыс сезімін жеткізді бағбаншы. «Еңбек етсең, емерсің» деген емес пе? Бүгінде сол еңбектің нәтижесін көріп отырған бұл жанұя тынымсыз еңбек етудің рақатын сезіне бастаған.

 

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале