8.12.2023, 23:00
Оқылды: 35

Тасқалаға жұмыс сапарымен "AMANAT" партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы келді

Бейсенбі күні Тасқала ауданына "AMANAT" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев жұмыс сапарымен келді.

IMG-20231208-WA0219

Кездесуде Тасқала ауданының әкімі Талғат Шакиров ,"АMANAT" партиясының Тасқала ауданының филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева, Тасқала аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ганмирлан Тұрғаналиев қатысты. Ең алдымен Мерей ауылындағы мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан мәдени-сауықтыру орталығының құрылысымен танысты.

IMG-20231208-WA0227

Құрылыс нысанының бас мердігері –  «АксайСтройСервис» ЖШС. Жобаның құны 261 983,98 мың теңгені құрайды. Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың 11 шілдесінде басталған. Құрылыстың мерзімі жоба бойынша 6 ай. Нысан бойынша инженерлік желілерді тарту, ғимараттың іргетасын құю, темір конструкцияларды құру, қоршауды орнату, жылыту қазаңдығын орналастыру, сэндвич панельдерді бекіту, төбесін жабу жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда ғимараттың ішін әрлеу, жылыту жүйелерін, электр сымдарын, санитарлық торапқа су құбырларын өткізу, спорт залға ағаш еденді орнату жұмыстары жүруде. Кездесу барысында аудандық партия белсенділері өз ойларымен бөлісті.

IMG-20231208-WA0220

Содан кейін аудан орталығында "Актив" отырысымен жалғасын тапты. Кездесуге аудандық саяси кеңес мүшелері, депутаттық фракция, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен бастауыш партия ұйымының төрағалары қатысты.

IMG-20231208-WA0224

Кездесу барысында облыстық филиал қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, семинар-тренинг өткізді.

IMG-20231208-WA0226

Жиынға қатысушылар тарапынан да өз ұсыныс-пікірлерін білдіргендер де болды.

IMG-20231208-WA0225

Жиын соңында Тасқала аудандық аурухана директорының орынбасары Нүрия Дүйсекешева "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында үнемі азаматтарды қабылдап, денсаулық сұрақтары бойынша тұрғындардың мәселелерін шешілуіне азаматтық белсенділік танытқаны үшін алғысхатпен марапатталды.

Жаңа партия ұйымына қосылғандарға партия билеттері табысталды.

IMG-20231208-WA0223

Одан кейін Қ.Сәтпаев атындағы мектептегі ұйымдастырылған облыстық медицина қызметкерлері арасындағы спартакиада өтті.

IMG-20231208-WA0222

Спартакиадаға сегіз команда, атап айтсақ Орал қаласынан екі команда, Жаңақала, Бәйтерек, Қаратөбе, 2 облыстық ауруханадан және Тасқала ауданының құрама командалары қатысты.

IMG-20231208-WA0221

Аталмыш шара "AMANAT" партиясымен бірге "Сенім" кәсіподақ ұйымының және Қазақстан Халық партиясының облыстық филиалының және Тасқала аудандық ауруханасының қолдауымен өткізілді.

Гүлмира Мақанова, 

Тасқала ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале