23.06.2021, 22:18
Оқылды: 77

Тасқалалық еңбек ардагері 90 жаста

Жуырда «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында ауылдық округ әкімі Гүлжан Мухамбеткалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балыков пен ауыл ақсақалы Мақсат Залиев, аудан тұрғыны, еңбек ардагері Қайыржан Саратаевты мерейлі 90 жасқа толуымен құттықтады.

IMG-20210623-WA0008

Ауыл шаруашылығы саласында көп жылдар бойы еңбек етіп, кейінгі ұрпаққа із қалдыра білген ауыл ақсақалына аудан әкімі Алдияр Халеловтың атынан алғыс хат табысталды. Құттықтап барушылар қарияның иығына шапан жапты.

Көнеден келе жатқан дәстүрімізге сай ардагерлерді ұлықтау, олардың жасаған еңбектерін ұмыт қалдырмау мақсатында атқарылып отыр. Мерейтой иесіне аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Жәрдемғали Балыков та өзінің жүрек жарды тілегін жеткізді. Қайыржан Саратаев аудан халқының атынан көрсетіліп жатқан құрметке зор алғыс білдіріп, ақ батасын берді.

Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале