Жуырда Тасқала ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Тәуелсіздік таңындағы жыр» атты облыстық поэтикалық дуэлі өтті. Байқауды Қазақстан жазушылар одағы БҚО филиалы мен Тасқала ауданы әкімдігі ұйымдастырды.
Аталмыш додада аудан намысын қорғаған көпжасарлық депутат, Дина Нұрпейісова атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Азамат Бақиев финалға өткен 4 ақынның қатарынан табылды. Нәтижесінде, 2-орынға табан тіреп, 70 000 теңге ақшалай сыйлықтың иегері атанды.
Ақерке Мәлікқызы