2.06.2017, 17:54
Оқылды: 71

Тасқалалық полицейлер мерекелерін атап өтті

Taskala el tinishtigina jauapti jandar   Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Оған БҚО ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Т.Рахметов, аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Сафималиев және жергілікті ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.


    Салтанатты жиында еліміздің туы сахна төріне кіргізіліп, гимн орындалды. Мұнан соң Т.Рахметов пен А.Сафималиев барша полиция қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтады.

    –Полиция қызметі  қызығы мен қиындығы, қауіп-қатері  қатар жүретін саланың бірі. Уақытпен санаспай күн-түн демей қоғам тыныштығын күзетіп, керек десеңіз кеудесін оққа тосып жататын полиция қызметкерлерінің еңбектері орасан. Оларға жүкетлеген жүктің  салмағы да тым ауыр. Бүгінгі күнге дейін осы қызметті абыройлы атқарып, сенім мүддесін шығып жүргендеріңізге мамыражай тірлік кешіп отырған қоғам куә. Ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған сіздерге халықтың ілтипаты мен сүйсіпеншілігі қашанда зор. Ел игілігі жолында атқарып жүрген қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, дендеріңізге саулық тілейміз деді, - олар өз сөздерінде.

    Мұнан соң Талғат Хасанұлы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Ж.Ниталиев, Н.Тағаев, Ж.Загупов, Б.Құбаевке әскерей шенін өсіру жөніндегі бұйрықты оқып, пагондарын берсе, Азамат Сафималиұлы бірқатарына алғыс хат табыстады.

    Содан кейін аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ә.Сары осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстары жөнінде баяндама жасады.  Аталмыш мереке қарсаңында сала ардагерлері және бөлім қызметкерлеріне белсенді көмек көрсетіп жүрген жандарға алғыс хат берді. Сондай-ақ қызметін атқару кезінде қаза  болған  ішкі істер бөлімінің қызметкері С.Ахметқалиевті еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткен жарыста жеңімпаз атанған біртоп жас палуанға сыйлық табыс етті.

  Жиында Тасқала шекара комендатурасының коменданты Б.Найманов сөз сөйлеп, Әлішер Сағындықұлына  шағын сый-сияпатын берді.

   Әрі қарай шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале