Жапон елінің Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында тасқалалық Қадырбек Шынбаев Modern MMA бойынша чемпион атанды.

Жерлесіміз 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жартылай финалда өзбекстандық спортшы Нодирбек Шавкатовты жеңген болатын. Жарыс финалында тәжік спортшысы Бехруз Хуршедзодамен қолғап түйістіріп, қос раундта қарсыласын 3:0 есебімен ұтып, көк байрақты көкке көтерді.
Ел намысын абыроймен қорғап жүрген алтын ұлдың бұл алғашқы жетістігі емес. Осыған дейін деталай әлемдік, халықаралық деңгейдегі дүбірлі додаларда ел қоржынына олжа салып келген болатын.
Биылғы жылдың мамырында кәсіби ММА-дағы дебютін жеңіспен бастаған Қадырбек Айбекұлы бүгін де ел мәртебесін абыроймен қорғады.
Рауан Сатыбалдиев,
Тасқала ауданы