4.06.2021, 16:11
Оқылды: 69

Тасқалалықтар балаларға да құрметпен қарайды

Жуырда Балаларды қорғау күнінде біршама игі шаралар ұйымдастырылды. Аудан орталығындағы әрбір білім ошағының ауласы мен балалар алаңдарында кішкентай бүлдіршіндерге арналған концерттік бағдарламалар оздырылып, оларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Соның бірі ретінде аудандық мәдени-демалыс орталығының аумағында өткізілген шараны атауға болады.

 балалар (3)

– Балалар күніне арналған игі шарамыз аудан орталығында бассейннің ашылуымен бастау алды. Кешкі мезгілде балаларға арнап жалпыхалықтық серуен ұйымдастырылды. Оған аудан тұрғындары көптеп қатысты. Аталмыш шарада кішкентай бүлдіршіндердің арасындағы арқан тартыс ұлттық ойындарымызды ұйымдастырдық.

балалар (2)

Одан кейін концерттік бағдарламалар өткізіліп, балалар асфальтқа сурет салып сайысты. Сайыстан озық шыққан жас суретшілерге сыйлықтар үлестірілді. Ертегі кейіпкерлері де өз өнерлерін ортаға паш етіп, балаларды қуантты. Жиналғандардың арасында кішкентай әншілеріміз де бар екен. Солардың өнерлерін тамашаладық. Қошқар мен Теке, Қасқыр сияқты мультфильм кейіпкерлерімен бірге би кешінің көркін қыздыра түсті, - дейді аудандық мәдени-демалыс орталығының жанындағы халық театрының режиссері Мағжан Жұмағалиев.

балалар (1)

 

Темірболат Әнуарұлы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале