14.04.2020, 15:49
Оқылды: 66

Тасқаланың II Шежін ауылында наубайхана ашылды

Мемлекеттің қолдауына ие болып отырған кәсіпкерлер күн санап көбеюде. Ауылдық жерде тұрып, өзінің туған жеріне жанашырлық танытып жүргендерге елдің алғыстан басқа айтары жоқ. Жақында Тасқала ауданының II Шежін ауылдық округінде жеке кәсіпкер Еркін Дүйсенғалиев «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында несие алып, өзінің наубайханасын ашты.

6801E616-BF9E-4BFD-AA9A-155AF1E06EB6

Оның айтуынша, наубайхана тәулігіне 50-60 бөлке нан дайындайды.

– Қолыма тиген қаражатқа Ресейден барлық наубайханаға керекті құрал-жабдықтарды сатып әкелдім. Нан бағасы – 120 тенге. Келешекте тұтыну көлемі артса, наубайхананың өнімі де ұлғаймақ. Яғни болашақта халыққа қажетті түрлі тәттілер де пісіреміз. Қазіргі таңда үш адамды жұмыспен қамтып отырмыз, – дейді наубайхана иесі.

87584405-772C-44B6-B5BE-B8957AA2CEDD

Бұрын бізде наубайхана жоқ еді. Адамдар нанды ауылдағы дүкендерден немесе аудан орталығынан сатып әкеледі. Наубайханамыз ашылып, игі бастамаға ел болып қуанып жатқан жайымыз бар. Ауыл тұрғындары үшін наубайхана ашылғаны тиімді болды. Себебі ыстық нан, сонымен қатар болашақта түрлі тәттілердің де пісірілетінін естіп риза болдық, – дейді ауыл тұрғыны Азиза Ибадильдина.

Шара барысында аудан әкімі Алдияр Халелов құттықтау сөз сөйлеп, кәсіпкер Еркін Дүйсенғалиевтың ұжымына табыс тілеп, қолға алған кәсіптерін әрі қарай дамыту қажеттігін айтып өтті.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале