17.11.2020, 16:59
Оқылды: 105

Тасқаланың тірлігі тиянақты

Күннен-күнге ажарланып, қаздай тізілген жарықшамдар аудан орталығына сән беріп тұр. Ойлы-қырлы даласымен, қайнар көзінен бұрқылдап аққан бұлағымен ерекшеленетін Тасқала ауданына табанын тигізіп, көзімен көргісі келетіндер қаншама? Шіркін, таңда оянғанда еститін пойыздың (сәлемі) дауысының өзі неге тұрады?! Ауылдың ортасымен аққан Деркөл өзеніне аққу мен қаз-үйректер қанатын сабалай келіп қонғанын көргенде, тұла бойыңды ерекше күй билейді.

IMG_1654

Тасқала ауылдық округі әкімі Гүлжан Мұхамбетқалиева 2020 жылға ауылды абаттандыру, жарықтандыру және «Өңірлерді дамыту» аясында бірнеше жұмыстар атқарылғаны жөнінде ақпарат берді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына 6841,0 мың теңге бөлініп, Тасқала ауылының С.Жақсығұлов шағын ауданында 400 шаршы метр көлеміндегі балалар ойын алаңы орнатылды. Сонымен қатар Жеңіс көшесі бойындағы саябақ ішіне, Абай көшесіндегі аудандық әкімдік жанындағы саябаққа, балалар ойын алаңына қосымша жайластыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға септігін тигізуде. Соңғы жылдары көгалдандыру жұмыстары қарқынды қолға алынды. Басты мәселелердің бірі – суару болды. Сондықтан биыл Тасқала ауданының үш саябағында суару мәселелерін шешу үшін құдықтар қазылып, ол да оңтайлы шешілді. Бұл жұмыстар барлық мектептерде жалғасын тапты. Тасқала ауылының бұрылыстарына көше атаулары көрсетілген 50 дана тақтайша орнатылды. Жеңіс күні қарсаңында «Азалы ана» ескерткішіне әктеу, сырлау, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ҰОС ардагерлеріне, Кеңес Одағының Батырларына арналған тақтайшалар ауыстырылып, жаңартылды.

Гүлді ауылдың көркіне көз тоя ма?!

IMG_6836

Тасқала ауылының абаттандырылуына теректер мен гүлдер сатып алу және оларды суару жұмыстарына 7855,0 теңге бөлінді. Нәтижесінде Абай алаңына бес жүз дана раушан гүлі, 3000 дана қызғалдақ егілсе, Абай көшесіне 10 000 мың дана петуния, бархотка, майоры тағы да басқа гүлдердің түрлері отырғызылды. «Азалы ана» ескерткішінің айналасына жиырма шырша, Жеңіс саябағына 20 шырша, Абай және Жеңіс көшелеріне 170 терек рябина, клен, липа, вяз және 15 қарағай егілді. Сонымен қатар қаладан кіреберіс жолдың бойына 1500 көшет отырғызылды. Суару жұмыстары кестеге сәйкес аптасына екі рет жүргізіліп жатыр. Былтыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Семей ядролық полигонынан зардап шеккендерге, Ауған соғысына қатысқандарға және Чернобыль апатының салдарын жоюға атсалысқан ардагерлерге ескерткіш ашылғаны баршаға мәлім. Биыл оның айналасын абаттандыру жұмыстары жалғасты. Нәтижесінде саябақта екі ротонда, Тасқала алаңы орнатылды. 2020 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жақсы, игі істерімен жалғасуда. Тасқала жастары «Менің жүрегім – Тасқала» ескерткіш белгісін орнатса, жеке кәсіпкер Б.Сакпиреев биіктігі 16 метр болатын тутұғырды бүркіт тауға орнатты. Абай, С.Жақсығұлов көшелерінде, Абай көшесінде орналасқан саябақта, мәдениет үйі жанындағы скверде, Н.Назарбаев атындағы саябақта, Жеңіс саябағында және орталық көшелерде теректерді пішінге келтіріп қию жұмыстары мен шөп шабу, контейнерлерді, отырғыштарды жөндеу жұмыстар атқарылды. Өткен жылы Тасқала ауылында көп жылдар иесіз, стихиялық жинақталған қоқыстарды шығару жұмыстарыжүргізілді. Биыл ауылдың санитариялық жағдайын сақтау үшін 1300,0 мың теңге бөлініп, Нұр ЖКмен келісімшарт жасақталды. Қазіргі таңда 400 куб метр қоқыс шығарылды. Тасқала ауылдық округі бойынша «Нұр» жеке кәсіпкерлігі қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысуда. Қазіргі таңда төрт шағын ауданда және Тасқала ауылының бас бөлігіндегі көшеде арбамен қоқыс жинау әдісімен жұмыстар жүргізілуде.

Төрт гектар жер көлемі полигонында бұрғылау жұмыстары атқарылды. Көшелерді жарықтандыру бойынша Керей хан және Жәнібек хан көшелерінің бағаналары ауыстырылып, жарықтандыру орнатылды, - дейді Тасқала ауылдық округінің әкімі Гүлжан Болатқызы.

Тақтайдай тегіс жолдармен...

IMG_6848

Аудан орталығында биылғы жылы бірнеше игі істер атқарылғанын көз көрді. Осы жасалған жұмыстарды нақты білмекке аудандық тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегі мамандармен хабарласқан едік. Олардың берген мәліметі бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 105 864 000 теңге қаражат бөлініп, аудан орталығы Тасқала ауылының Абай, С. Жақсығұлов, М.Мәметова, Шамов, Скоробогатов және Сапаров көшелері бойында орналасқан жарықшамдарды қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Барлық нысандар бойынша құрылысмонтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер «ЭнергоРемСервис» ЖШС анықталып, бүгінгі күнде барлық көшелер бойынша жұмыстар аяқтала келді. Техникалық қадағалаушы – «Құрылысконсалтинг» Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы. Аталған жобаларды жүзеге асыру барысында жиырма шақырымға жуық электр сымы мен 276 дана темір-бетонды бағаналар, 233 дана светодиодты шамдар және төрт дана кешенді трансформаторлар станциясы ауыстырылды. Көше шамдарын орнату түнгі мезгілде жаяу жүргіншілер мен автокөліктердің қауіпсіз қозғалысына және аудан орталығы Тасқала ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуына одан әрі әсер ететіндігі анық. Жарықтандыру жұмыстарын жалғастыру мақсатында аудан орталығы Тасқала ауылының М.Маметова көшесінің бір бөлігі, Чурилин, Жеңіс, Саябақ, Шевченко, Кенжин, Панфилов көшелерінің жарықтандырылуын қайта жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында келісімшарт жасалған жалпы сома 1 653 606 985 теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 1 482 984 985 теңге, облыстық бюджеттен 170 622 000 теңге. «Тасқала ауданы, Тасқала ауылының Ш.Қалдаяқов көшесінің бір бөлігі, Шежін, Х.Доспанова, Т.Жароков, Сабиров, Әбілхайыр хан, Д.Нұрпейісова және Скоробогатов көшелерінің бір бөлігі мен «Көктем» және «Самал» шағын аудандарының автомобиль жолдарын күрделі жөндеу» жұмыстары бойынша мердігер «Айдана» ЖШС (келісімшарт сомасы 442 272 426 теңге 62 тиын) жүргізді. Техникалық қадағалаушы «Стройинтеграция» құрылушы мекемелер дирекциясымен» келісімшарт сомасы 5 038 527 теңге 24 тиын. «Тасқала ауданы, Тасқала ауылының Қ.Сәтпаев, Керей хан, Жәнібек хан, С.Сейфуллин, Б.Момышұлы және Қ.Аманжолов көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеу» жұмыстары бойынша мердігер «Айдана» ЖШС (келісімшарт сомасы 365 435 152 теңге 16 тиын) жүргізсе, техникалық қадағалаушы «Стройинтеграция» құрылушы мекемелер дирекциясы» (келісімшарт сомасы 4 163 173 теңге 36 тиын). «Тасқала ауданы, Тасқала ауылының Ахметқалиев, Саябақ, Шевченко, Панфилов және Халықтар достығы көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеу» жұмыстары бойынша мердігер «Ануш құрылыс» ЖШС, (келісімшарт сомасы 368 642 591 теңге 02 тиын) техникалық қадағалаушы «Стройинтеграция» құрылушы мекемелер дирекциясы» (келісімшарт сомасы 4 199 714 теңге 01 тиын). Сондай-ақ Жасыбаев, «Сәулет» шағын ауданы, Жамбыл, Мұңайтпасов, Ә.Молдағұлова, Нечаева, Жұмағалиев, Доспамбет жырау, Жеңіс көшесінің бір бөлігі мен Иржанов көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары бойынша мердігер «Айдана» ЖШС жүргізсе (келісімшарт сомасы 455 404 364 теңге 35 тиын), «Стройинтеграция» құрылушы мекемелер дирекциясы» (келісімшарт сомасы 5 188 131 теңге 41 тиын) техникалық қадағалаушы ретінде танылды. Бүгінгі күні барлық нысандар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде аталған мекемеден мәлімет алдық.

Биылғы жылдың көктем, жаз айларында аудан орталығында біршама жұмыстар жасалды. Әсіресе, жастар мен жергілікті кәсіпкерлер пандемия кезінде жанашырлық танытып, тынымсыз еңбек етті. «Бауырым» деп бір-бірін жақын тартатын ел емес пе едік?! Сол дәстүрді сақтай отырып, қиын-қыстау кезде де қолдан келген көмектерін аямады. Бөліп алары жоқ, барлығының еңбегі зор екенін айтып өткен жөн.

 

Әсет Баян,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале