8.03.2022, 22:38
Оқылды: 102

Тасқұдықта мерекелік шара өтті

8 наурыз  - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Сырым ауданы Тасқұдық ауылы мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен​ нәзік жандыларға арналған мерекелік шара өтті.

FB_IMG_1646752133341

Шарада округ әкімі Рашид Байров шуақты мерекемен нәзік жандыларды құттықтап, бірқатар салада елеулі еңбек атқарып жүрген қыз-келіншектерге ауыл әкімдігі атынан алғысхат табыстады.

Одан бөлек, "Қайсар" спорт клубының ұйымдастыруымен өткен қыз-келіншектер арасындағы 60 келіге дейінгі және 60 келіден жоғары екі салмақта қол күресі өткізілген болатын.

Жүлдегерлерге салтанатты шара кезінде алғысхаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Мерекелік шара көркемөнерпаздар мен жастардың мерекелік бағдарламасына ұласты.

Шараны қорытындылаған округ әкімі Рашид Серікұлы мен ЖББ Тасқұдық мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің директоры Мұхтар Ғиниятұлы ардагер аналардың үйлеріне арнайы барып, мерекелерімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады.

А.Бауыржанқызы,

Сырым ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале